Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Сальвадордың бұрынғы президенті Антонио Сака сәрсенбі күні мемлекет қаржысынан $300 млн астам соманы жымқыру және ақшаны жылыстату туралы іс бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Сот сондай-ақ оны мемлекетке $260 млн. қайтаруға міндеттеді. Экс-президентпен бірге сот оның үкіметінің бұрынғы алты мүшесіне үкім шығарды, олар сыбайлас жемқорлыққа қатысқандары үшін 3-16 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды», - делінген бейсенбіде Reuters агенттігне сілтеме жасалған хабарда
Хабарда атап өтілгендей, экс-президент бас бостандығынан айыру мерзімін қысқарту үшін сот таққан айыптаулар бойынша өз кінәсін өткен айда мойындаған еді.
Еске салсақ, А. Сака орталықамерика республикасын 2004-2009 жылдар аралығында басқарды. Ол 2016 жылдың қазанында өз баласының үйлену тойында ұсталды.
Сот Сальвадордың экс-президентін жымқыру ісі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырды
