Сот Түркістан облысында өгей қыздарын қорлаған өгей шешеге қатысты үкім шығарды

Күні: 14:14, 02-07-2019.

Шымкент. 2 шілде. ҚазТАГ - Сот Түркістан облысында өгей қыздарын қорлаған өгей шешеге қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Түркістан облысы кәмелетке толмағандар ісі бойынша арнайы соттың төрағасы Қанатбек Қоңырбаев.
«Сот өгей қыздарын азаптап қорлаған өгей шешеге қатысты үкім шығарды. Әйел ҚР ҚК 110 б. 2б. 1, 2, 4 т. бойынша (азаптау- ҚазТАГ) айыпты деп танылды. Аталмыш бап бойынша оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады», - деді Қоңырбаев сейсенбіде.
Ол, соттың ақпарынша, 2017 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін үш кәмелетке толмаған қыздарды азаптап келген, оларды жүйелі түрде соққыға жығып, басқа да әрекеттерге барған. Осылайша, 28 жасар әйел жасөспірімдерді тәрбиелемек болған. Оның қыздардың әкесінен бір ұлы болған, оған қоса тағы екінші баласын күтіп жүрген. Ол екінші баласын маусым айының соңында босанды, оның тағдырын қамқоршылық органы шешетін болады.
«Сот шешімі бойынша төрт бала әкесіне берілді. Бір балаға қатысты іс аудандық білім бөліміне оның ары қарайғы тағдырын анықтау үшін жолданды», - деді судья.
Еске салсақ, 17 сәуірде Түркістан облысында пышақ іздері және қысқаш іздері бар үш қыз баланың ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Сонымен қатар денелерінде қатты соққы бар, көгерген, жырықтар бар үш апалы-сіңлінің видеосы әлеуметтік желілерде де тараған. Белгілі болғандай, қыздарды мұндай күйге олардың өгей шешесі жеткізген болып шықты.


Жаңалықтармен бөлісу: