Сот жүйесін жетілдіру экономикамызды жаңғыртудың маңызды бөлігі болып табылады – Назарбаев

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесін жетілдіру экономикамызды жаңғыртудың маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Халықтың соттарға сенімі мемлекетке деген сеніммен бара-бар. Осыған байланысты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында маңызды жұмыс атқарылды. Сот жүйесін жетілдіру экономикамызды жаңғыртудың және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың маңызды бөлігі саналады», - деп келтірілген Ақорда сайтындағы хабарда Н.Назарбаевтың сөздері.
Хабарда айтылғандай, жиында сот жүйесін Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауда көрсетілген басымдықтарға сәйкес одан әрі жаңғырту мәселелері талқыланды.
Отырыста Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев, Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов және Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Т.Донақов Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Сот жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының атқарған жұмысының қорытындылары жөнінде баяндама жасады.


adimage