Сотта Павлодар облысының экс-әкімі Арынға алаяқтығы, пара алған және қылмыстық жолмен тапқан табысын заңдастырған деп айып тағылады

Күні: 16:24, 31-10-2014.

Павлодар. 31 қазан. ҚазТАГ – Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынға сотта алаяқтығы, пара алған және қылмыстық жолмен тапқан табысын заңдастырған деп айып тағылады, деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратура баспасөз қызметінен.
«Екі бөлек көрсетілген эпизод бойынша кемшіліктер жойылған соң, қылмыстық іс қайтадан прокуратураға тапсырылды, одан 24 қазанда сотқа жіберілді. Е. М.  Арын қылмыстың екі эпизоды бойынша үш баппен сотқа тартылуда – аса ірі мөлшердегі алаяқтығы (ҚК 177б. 3 т. «б,г» тармақшасы), аса ірі мөлшердегі пара алу (311 б. 5 т.) қылмыстық жолмен тапқан қаражатты заңдастыру (193 б.3 т. «а» тармақшасы). Басқа эпизодтар бойынша тергеу тобы қазір тексеру жүргізіп жатыр», - деді қадағалау органында.
Прокуратура еске салғандай, ағымдағы жылдың 1 қазанында Е. Арын мен басқа да тұлғаларды айыптайтын қылмыстық іс облыс прокуратурасына танысу үшін түсті. 10 қазанда қылмыстық іс ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеу тобына қайтарылды. Ондай шешім қабылдауға себеп болғаны тергеудің толық және жан-жақты болмағандығы.  
Еске салсақ, Е. Арын 2014 жылғы 4 наурызда ҚР қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлерінің қолына түсті. Оған облыс әкімшілігі мен «ENRC Kazakhstan» ЖШС арасында 2013 жылға ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодарды абаттандыруға деп демеушілердің бөлген Т23 млн сомадағы қаражатты иеленіп кеткен деген айып тағылды. Сондай-ақ ол құрылыс фирмаларының өкілдерінен мемлекеттік сатып алулар конкурсында жеңіп шыққаны үшін пара алған деп айыпталуда.  


Жаңалықтармен бөлісу: