Сотта Павлодар облысының әкс-әкімі өзін айыпсызбын деп мәлім етті

Күні: 12:59, 10-11-2014.

Павлодар. 10 қараша. ҚазТАГ – Павлодар облысының әкс-әкімі Ерлан Арын өзіне тағылған айыптарды мойындамады, деп хабарлады агенттік тілшісі сот залынан.
«Мен маған тағылып отырған айыптарды үзілді-кесілді мойындамаймын. Менің ешқандай айыбым жоқ», - деді Е. Арын дүйсенбі күні оған тағылған айып оқылып болған соң.
Еске салсақ, бүгін Павлодарда Павлодар облысының әкс-әкімі Ерлан Арынның үстінен сот процессі басталды.
Е. М. Арын қылмыстың екі эпизоды бойынша үш баппен сотқа тартылуда – аса ірі мөлшердегі алаяқтығы (ҚК 177б. 3 т. «б,г» тармақшасы), аса ірі мөлшердегі пара алу (311 б. 5 т.) қылмыстық жолмен тапқан қаражатты заңдастыру (193 б.3 т. «а» тармақшасы). Басқа эпизодтар бойынша тергеу тобы қазір тексеру жүргізіп жатыр»,
Бірінші эпизод бойынша ол кәсіпкерден Т1 млн 650 мың ақшаны алдап алған деп айыпталуда. Ол сома кәсіпкер және депутат Илья Теремченкодан алынған. Іс материалдарында көрсетілгендей, Е. Арын бұл қаражатты өзінің көмекшісі Бағұстар Сапаровпен бірге алып, қылмыстық мақсатта жаратып жіберген.
Кейін ол қаражатқа автомобиль сатып алынып, ол Павлодар облысының экс-әкімінің әйеліне тиесілі оқу мекемесіне рәсімделген.
«Маған Павлодар облыс әкімінің орынбасары Арслан Әбдіхалықов келіп қайырымдылық шараға қаражат керек, еңбек ардагеріне автомобиль сатып алуға, деп сұрады», - деді зардап шегуші И.Теренченко.
Екінші эпизод кәсіпкер Матиевадан облыстық кітапхананың қайта жөндеуге жарияланған тендерді жеңіп алуы үшін Т5 млн мөлшерінде пара алуға байланысты.
«Сөйтіп Ерлан Мұхтарұлы ауыр жемқорлық қылмыстар жасаған деп айыпталуда», - деді мемлекеттік айыптаушы Радимхан Дубаева.


Жаңалықтармен бөлісу: