Сотталушылардың жылжуын бақылау жүйесін құруға ҚР бюджетінен Т615 млн бөлінді

Күні: 12:36, 20-10-2014.

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Сотталушылардың жылжуын  басқару үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйе құруға  ҚР бюджетінен Т615 млн бөлінді, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі   Қалмұханбет Қасымов.
«Ағымдағы жылы біз ақпараттық жүйе құруға кірістік, ол орталықтандырылған мәліметтер базасын, барлық сотталушылардың, тергеуден өтіп жатқандардың жылжуы туралы мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік береді. Ол арнайы есеп бөлімшелерінің, изолятордың, түрмелер мен қылмыстық-атқару инспекциясының 1600 қызметкерінің жұмысын автоматтандыруға көмектеседі», - деді Қ. Қасымов дүйсенбіде парламент мәжілісінің үкімет сағатында.  
«Құрылып жатқан ақпараттық жүйе ІІМ барлық базаларымен бірігуді білдіреді. Кейін сот және құқыққорғау органдарының басқа да базаларымен бірігетін болады. Жобаны жүзеге асыру үшін үкімет 2014-2015 жылдарға 615 миллион теңге көлемінде қаржы бөлген», - деп толықтырды ол.
Министр ағымдағы жылы жоба аясында есептегіш техника, телекоммуникациялық құрал және бағдарламалық қамтым сатып алынып жатқанын мәлімдеді.  
«Келесі жылы ақпараттық жүйені соңғы рет қарап шығып, іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Қ. Қасымов.
Оның пікірінше, бұл орталықтағыдай, жергілікті жерлерде де онлайн режимінде сотталушылардың түрмеден түрмеге көшірілуінің негізділігін, олардың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуының немесе науқасына байланысты, жазасын өтеу мерзімніің аяқталуына байланысты босатылуының заңдылығын  қадағалауға мүмкіндік береді.


Жаңалықтармен бөлісу: