Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Соттар қарайтын азаматтық істердің бір бөлігі нотариустарға берілді, деп хабарлады әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін енді нотариустар қарастыратынын көздейді. Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы, еңбек ақысын өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариалды куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы талаптар және басқалар», - деп хабарлады дүйсенбіде әділет министрлігінен.
Ведомствода, бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сот әуре-сарсаңын болдырмайды деп санайды.
Тиісті түзетулер Азаматтық процестік кодекске және «Нотариат туралы» Заңына меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заң шеңберінде енгізілді.
Соттар қарайтын азаматтық істердің бір бөлігі нотариустарға берілді
