«Союз ТМА-13М» экипажы Арқалық түбіне қонды

Күні: 10:33, 10-11-2014.

Алматы. 10 қараша. ҚазТАГ – Бортынды халықаралық экипажы бар басқарылатын «Союз ТМА-13М» тасымалдағыш ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш кемесінен ажыратылып, Астана уақытымен 09.58 сағатта есептелген қону ауданына, Арқалық қаласынан 82 км жерге келіп  қонды», - делінген ҰБО сайтындағы хабарда.
Қазір іздестіру-құтқару жасағы ғарыш аппаратының қонған жеріне бет алды. Жерге оралған ресейлік ғарышкер Максим Сураев, астронафт Рид Вайзман және неміс астронафты Александр Герст ғарышта 170 тәулік болды.
Стансада ресейлік ғарышкер Александр Самокутяев пен Елена Серова, сондай-ақ астронавт NASA Барри Уилмор қалды. Ол М.Сураевтың орнына ХҒС командирі болды.
Бұрын хабарланғандай, «Союз ТМА-13М» басқарылатын кемесі экипажбен халықаралық ғарыш стансасына «Байқоңырдан» 29 мамырда ұшқан болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: