Ұсталған белсенділерді қолдап Алматы соты ғимаратының алдына бір топ адам жиналды

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ – Ұсталған белсенділер Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толыбековты қолдап Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ғимаратының алдына бір топ адам жиналды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Халық бұл үкімге қарсы және қалалық соттан оның күшін жоюды талап етуге жиналған. Қолдау керек. (…) Көп қолдау, көбі оларды қолдауда және үкімнің күшін жоюын қалайды. Заң тәртібінде әрине шағымдануға болады, апелляция болады, жалпы, хаттама бойынша сұрақ өте көп», - деп түсіндірді дүйсенбіде бұл жайтты оқиға орнынан әлеуметтік желідегі өз парақшасында тікелей таратқан белгілі медиа маман Әлия Шәріпбаева.
Еске салсақ, 21 сәуірде Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшелерінің қиылысында қолдарында «От правды не убежишь», #У меня есть выбор, #ADILSAILAYUSHIN деген плакаттары бар бір топ адам ұсталған. Екі белсендіні –Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толыбековты ҚР ӘҚбК 488 бабы 3 бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыс, митингілер шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және жөткізу туралы заңнамасын бұзу) кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Аталмыш шешімді қоғам өкілдері айыптап жатыр.
22 сәуірде Алматы полициясының департаменті Төлесова мен Толыбеков «марафон қатысушыларын айқын сыйламау» білдірді деп мәлімдеді.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді.

adimage