Ұсталған вице-министр Әбішев әзірге қызметінен босатылған жоқ - Цой

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Ұсталған ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қызметінен босатылған жоқ, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Әбішев Олжас Амангелдіұлы өткен аптада өз еркімен кету туралы арыз жазды. Сондықтан бұл мәселе қазір қаралуда», - деді дүйсенбі күні Қазақстанда COVID-19 бен пневмония статистикасын біріктіру жөніндегі онлайн баспасөз мәслихаты барысында.
Оның айтуынша, егер өз еркімен кету туралы мәселе шешілсе, онда Әбішев қызметінен босатылады.
«Бізде қазір расталған ақпарат жоқ, себебі тергеу жүріп жатыр және құзырлы органдар өздерінде бар ақпаратты жеткізеді деп ойлаймын», - деді Цой.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қаржы министрлігінің қаржылай мониторинг комитеті экономикалық тергеу комитеті ұстады-мыс деген ақпарат тараған еді.
ҚР ҚМ қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметі вице-министрдің 2 тамызда ұсталғанын растады.

adimage