Star of Asia Almaty.kz фестивалін өткізуге жарты миллиардтай қаржы бөлінген

Күні: 12:08, 07-09-2018.

Алматы. 7 қыкрүйек. ҚазТАГ – Динара Жаркеева.  Star of Asia Almaty.kz фестивалін өткізуге Т446 млн астам қаржы бөлінген, делінген Алматы қ. мәдениет және архивтер басқармасы сайтындағы хабарда.
«Өткізілген мемлекеттік сатып алуға сәйкес мәдени-тынығу жұмыстарын қолдауға, атап айтсақ Қала күні құрметіне жыл сайын халықаралық Star of Asia Almaty.kz музыкалық фестивалін ұйымдастыруға  бюджеттен  Т446 млн 428 мың бөлінді», - делінген жұмадағы хабарда.  
Сондай-ақ, Алматы әкімдігі   Spirit of Tengri  халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалін өткізуге Т24 млн. бөлген.
Еске салсақ, Star of Asia Almaty.kz  Алматыда биыл 16-17 маусымда, ал Spirit of Tengri 2-3 маусымда өтті


Жаңалықтармен бөлісу: