Стенд атудан Алматыдағы АЧ-да қазақстандық Орынбай қола жүлдегер атанды

Күні: 10:28, 24-09-2019.

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - Стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Әсем Орынбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Әсем Орынбай қола жүлдегер атанды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
ҰОК ақпарынша, Әсем Орынбай дөңгелек стенд бойынша жүлдеге іліккен.
«Бұл бағдарлама бойынша қытайлық Менг Вэй жеңімпаз атанған. Күміс жүлдені тайландтық Исапара Импрасерцук еншіледі»,- делінген хабарда.
Хабарда көрсетілгендей, құрлық додасы 30 қыркүйек күні мәресіне жетеді.


Жаңалықтармен бөлісу: