Степногорскіде жылыжай мен сүт фермасын салу жоспарлануда

Көкшетау. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – Степногорскіде жылыжай мен сүт фермасын салу жоспарлануда, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
«Степногорскі қаласының аумағын дамыту бағдарламасына екі жаңа жоба қосылды – көкөніс өсіруге арналған жылыжай құрылысы мен Қарабұлақ аулындағы сүт тауарлық фирмасының құрылысы», - делінген жұмадағы хабарда.
Жылыжайда қияр, қызанақ, бұрыш пен көкөністі қорғалған топырақта өсіру жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру нәтижесі жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті бюджетке салықтар мен басқа міндетті төлемдердің түсуін ұлғайту, сондай-ақ халықтың қажеттілігін қанағаттандыру. Жобаның жалпы құны – Т1,5 млн. Құрылыс кезеңінде жұмыспен қамтылғандар саны 30 адамды құрайды және 100 адам – пайдалануға беру уақытында. Жобаны жүзеге асыру үшін аумағы 5 га жер телімін бөлу қажет.
Сүт фермасы сүт өнімін тазалаумен және қайта өңдеумен, пастерленген сүтті, қышқыл сүтті сусындарды (айран, қаймақ, сүзбе, сарысу), «Адыгей» жұмсақ сұрыпты ірімшігін, сары май мен іркітті дайындаумен айналысады.
«Жобаны жүзеге асыру кезінде 15 жаңа жұмыс орны құрылады, жергілікті бюджетке салықтық түсімдер ұлғаяды. Жобаның жалпы құны Т80 млн-ға бағаланып отыр, сонымен қатар құрылыс кезеңіндегі жұмыспен қамтылғандар саны 10 адамды құрайды, 5 адам ферманы пайдалануға беру уақытында жұмыс істейтін болады. Жобаны жүзеге асыру үшін сондай-ақ жер телімін бөлу қажет», - деп атап көрсетілген хабарда.
Қалалық мәслихат сессиясының шешімімен аталмыш жобалар Степногорскі қаласының аумағын дамыту бағдарламасына қосылған.

adimage