Стихиялық қоқыс үйіндісі бойынша Қазақстанның қай өңірінен жедел желіге жиі хабарласқан

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Стихиялық қоқыс үйіндісі бойынша Қазақстанның қай өңірінен жедел желіге жиі хабарласқан, ол туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭГТРМ) баспасөз қызметі айтып берді.
«Стихиялық қоқыс туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (90), Шығыс Қазақстан (62) және Қарағанды облыстарынан (48), сондай-ақ Алматы қаласынан (47) келіп түсті. Ақмола (42) мен Ақтөбе облысы (30) азаматтардан түскен өтініш саны бойынша көшбасшылар «бестігіне» кірді», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомство ақпарынша, 623 шағымның 469-ы үйінділерге, 154-і қоқыс толып кеткен контейнерлерге қатысты.
«Бір апта ішінде әкімдікпен бірге 347 қоқыс үйіндісі жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деп мәлімдеді экология министрлігінен.
ЭГТРМ атап өткендей, шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі, сосын «мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл өндіріліп алынады».
«Экология министрлігінің қауырт желісінің нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Уатсап мессенджері арқылы кез келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы коқыс үйіндісі туралы ақпаратты, оны растайтын сурет пен видео жібере алады», - делінген хабарда.

adimage