Үстіміздегі жылдың сегіз айында Астанаға 21 мыңнан астам адам тұрақты тұру үшін келген

Күні: 11:02, 22-10-2014.

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Үстіміздегі жылдың сегіз айында Астанаға 21 мыңнан астам адам тұрақты тұруға  келген.  

«Үстіміздегі жылдың сегіз айында Астанаға келген адамдар саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 21,4% артқан. Соның ішінде басым бөлігі 20,4% Ақмола облысының, 13,7% Оңтүстік Қазақстан облысының және 10% Қарағанды облысының өкілдері», - делінген сәрсенбідегі елорда әкімдігінің сайтындағы хабарда.

Оның ішінде 21254 адам  елордамызға тұрақты тұру үшін, 931 адам  еңбек келісімшартымен  және 946 адам  білім алу  үшін келген.  

Мигранттардың арасынан 54%-ның білімі жоғары, соның ішінде 17,2%-ның техникалық, 17,2%-ның экономикалық және 13.6%-ның педагогикалық білімі бар.

Сонымен қатар,  Астананың ТМД астаналарының ішінде бос орындардың саны бойынша көш бастап тұрғандығы айтылған.   Бос орындар жөніндегі интернет-порталдың талдау қызметінің жариялаған мәліметтеріне сәйкес, үшінші тоқсанда бос жұмыс орындарының сайтында 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жұмыс іздегендерге 56% артық ұсыныс жасалған. .


Жаңалықтармен бөлісу: