Студенттер мен банк жүйесі арасында латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жобасы сыннан өтті

Алматы. 20 ақпан. ҚазТАГ – Студенттер мен банк жүйесі арасында латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жобасы сыннан өтті, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Жұмыс топтарының бірлескен кеңесінде үш әліпби жобасын талқыланды. Атап айтқанда, бұған дейін бекітілген алайда жетілдірілу қажеттігі туындаған акут нұсқасы, баламалы негіздегі умлаутты әліпби жобасы және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдар тобының әліпби жобасы», - деп хабарлады бейсенбіде МСМ Алматы қаласында өткен «Латын негізді қазақ әліпбиі: ұсыныстар, талқы және нәтиже» атты кеңес қорытындысында.
Хабарда атап өтілгендей, алғашқы екі әліпби жобасы 14 ақпанда Тіл комитетінің ұйымдастырумен аймақтағы тіл басқармаларының үйлестіруімен республикалық көлемде филолог ғалымдар мен әдіскерлер, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының тіл мамандары арасында ашық талқылаудан өткен болатын.
«Аталған әліпби жобаларының қайсысы қолдануға тиімді екенін анықтау мақстында ҚР Білім және ғылым министрлігінде оқушылар мен студентер арасында әліпби жобалары бойынша сынама-сауалнама жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі UNICODE-қа сәйкестігін, Банктер банк жүйесінде қолданысқа ыңғайлылығы, «Нұр Отан» жастар қанатында әліпби жобалары бойынша сынама-семинарлар ұйымдастырылды», - делінген хабарда.
Мәдениет министрлігінде нақтылағандай, кеңейтілген кеңесте осы талдаулар мен талқылаулардың қорытындылары, ұсыныстар және сынама жұмыстарының, нәтежелері сараптамалары жинақталып баяндалды.
«Ғалымдар әліпбиге қойылатын мынадай талаптар негізінде: қазақ тілінің барлық дыбыстарының қамтылуы; «бір дыбыс - бір таңба» қағидатының сақталуы; қосымша диакритикалық белгілердің сабақтастығы мен жүйелілігі; латын таңбаларының және диакритикалардың қазақ тілінің дыбыстары сипатына сай болуы; әліпбиде ғылыми негізділіктің сақталуы; әліпби таңбаларының Халықаралық фонетикалық әліпби жүйесіне сәйкестігі; әліпби таңбаларының UNICODE жүйесіне сай болуы; қазақ тілінің төл табиғатына сай әліпбилік реттіліктің сақталуы. Бірлескен кеңесте әліпбидің үш жобасы туралы арнайы баяндамалар жасалып, ғылыми талқылау өткізілді. Кеңес әліпби жұмысын қортындылай келе талқыланған жобалар арасынан лайықты деп танылған әліпби жобасын Ұлттық комиссияға ұсынылатын болады», - деді МСМ-нен.
Еске салсақ, 2019 жылдың 20 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін реформалау мен жаңартуда жүйесіздікке жол берілмейтінін мәлімдеген еді.


adimage