Су добынан Қазақстан құрамасы Австралиядағы Әлем лигасында жартылай финалға шықты

Күні: 16:18, 29-03-2019.

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы Австралиядағы Әлем лигасында жартылай финалға шықты, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Су добынан Австралияның Перт қаласында өтіп жатқан Интерконтинентальді турнирде Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға өтті. Ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Африка Республикасының құрамасын 14:8 есебімен жеңді», - деп хабарлады жұма күні ҰОК.
30 наурызда өтетін жартылай финал матчында Қазақстан мен Жапония құрамалары кездеседі.


Жаңалықтармен бөлісу: