Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Қаражанбастағы су тұщыту зауыты 2021 жылдың 1 тоқсанында іске қосылады, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Қаражанбас кен орнындағы су тұщыту зауытын 2020 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр. Зауыт көп сатылы тазалау және кері осмос көмегімен минералсыздандыру технологияларын қолдана отырып, қойнауқат суларын қайта өңдейді. Ал тұщытылған судың көлемі тәулігіне 17 мың м3 дейін жететін болады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, бүгінде Қаражанбас тәулігіне Еділ өзенінен Астрахан-Маңғыстау су құбыры арқылы келетін 17,5 мың м3 су көлемін пайдалануда.
«Су тұщыту зауытын іске қосу кен орнын сумен қамтамасыз етіп, Маңғыстау облысы тұрғындарының қажеттіліктері үшін айтарлықтай су көлемін босатуға мүмкіндік береді. Бұған қоса құрылыс аяқталғаннан кейін 50 шақты жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, кәсіпорынды іске қосу ҚБМ бірқатар технологиялық мәселелерін шешуге ықтимал етеді. Атап айтқанда, 2021-2035 жылдары аралығында ҚБМ кен орнындағы мұнай өндірісін кемінде 700 мың тоннаға арттыруды, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеуді азайтуды, грифондардың пайда болуын шектеуді жоспарлап отыр», - деді ҚМГ.
Ұлттық компания атап өткендей, Зауытты іске қосу мерзімі құрылыс үшін қажетті қондырғыларды жеткізуге кедергі келтірген коронавирус пандемиясы үшін үстіміздегі жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың 1 тоқсанына шегерілгенін айта кеткен жөн.
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22