«Свобода слованың» жаңа бас редакторы тағайындалды

Күні: 12:12, 31-10-2014.

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ – «Свобода слова» газетінің жаңа бас редакторы тағайындалды, деп хабарлады   Nomad.su.

«Танымал апталық «Свобода слованың» бас редакторы қызметіне Жанна Ойшыбаева кірісті. Бұған дейін оны Эдуард Полетаев атқарған еді», - делінген жарияланымда.

Ж.Ойшыбаеваның қазақстандық БАҚ-тар мен түрлі мемлекеттік органдар және қауымдастықтардың баспасөз қызметтерінде тәжірибесі мол.  Соңғы жылдары ол Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы, «ҚМГ БӨ» АҚ бас директорының көмекшісі қызметтерін атқарған.  

ҚазТАГ агенттігі Жанна Ойшыбаеваны құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді.  


Жаңалықтармен бөлісу: