Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкім орынбасары Манзоровтың ісі жайлы: Бізде барлық дәлел бар

Астана. 27 қараша. ҚазТАГ – Әзиза Жамалиева. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісіне түсінік бере келе, оларда барлық дәлел барын айтты.
«Бізге бас прокуратураның жауабын күту керек. Бізде барлық дәлел бар. Біз өз ұстанымымызда қаламыз», - деді Бектенов сәрсенбідегі сенат кулуарында.
Еске салсақ, бұған дейін ғаламторда 26 қыркүйек күні сағат 4.55-те Манзоров ұсталып, сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметкерлерінің оны Алматы ПД УҰИ-ге тоғытқаны туралы хабар тараған еді. Хабарда әкімнің орынбасарына ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі (пара алу) бойынша айып тағылып жатқаны айтылған. ҚазТАГ ХАА редакциясы Алматы облысы әкімдігіне хабарласқан, ол жерде Манзоровтың ұсталғандығы туралы мәліметтің жоғын, өздерінің де жағдайды анықтау үшін құқыққорғау органдарына жүгінгендерін жеткізген.
26 қыркүйек күні кешкісін құқыққорғау органдарындағы дерек көзі ҚазТАГ тілшісіне Алматы облысы әкімінің орынбасарының ұсталғанын растады, ал 27 қыркүйекте Манзоровтың ұсталғандығы туралы ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми түрде растады. Оның ұсталғандығы туралы ресми ақпарға түсінік бере келе, Алматы облысының әкімдігі өңірде оның жұмысына ешқандай шағым жоғын жеткізді.
1 қазанда Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен Алматы соты Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты бұлтартпас шарасы бойынша шешім шығармағанын хабарлады. Ал заң бойынша ұсталған адамға қатысты бұлтартпас шарасы ұстаған сәттен бастап 72 сағат ішінде шығарылуы керек.
2 қазанда ҚазТАГ «Время» басылымына сілтеме жасап, тергеудің Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісін қайта ауыстырғанын хабарлады.
«Біздің ақпарымызша қылмыстық іс ҚК 366-бабынан (пара алу) 190-бабына (алаяқтық) ауыстырылды. Яғни тергеу органы Алматы облысы әкімінің орынбасарының сыбайлас жемқорлық қылмысын жасамағанына сенімді. Ал Манзоровтың көмекшісі Бағдат Сайланбайұлының изоляторда емес ауырып жатқанын растады», - делінген хабарда.
Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған. Оған дейін ол 2008-2017 жылдар аралығында Алматының Алатау ауданының әкімі болған.
29 қазанда белгілі болғандай, Манзоров қылмыстық тексеруден босатылды.
30 қазанда Қазақстан бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровты ұстағандары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жауапқа тартылады деп мәлімдеген еді.
31 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Манзоровқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылуымен келіспейтіндерін мәлімдеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкері «тергеу барысында бас прокуратураның қылмыстық іс материалын сұратып алғанын және қылмыс оқиғасының болмауы саладрынан істі тоқтатқанын, қазіргі таңда бұл шешіммен келіспейтіндерін және қарслық білдіретіндерін» хабарлады.
7 қарашада сенатор Андрей Лукин Манзоровтың ісінде қатты сөз айтудан сақтануға және бас прокуратура жауабын күтуге шақырды.
13 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы Алик Шпекбаев агенттіктің Манзоровтың ісінде өз ұстанымдарында тұратынын мәлімдеді.
19 қарашада жағдайға түсінік берген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мұндай жағдайдың «кез келгеннің» басында болуы мүмкін екенін айтты.
20 қарашада белгілі болғандай, бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісіне қатысты шағымын қанағаттандырмады.
21 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Манзоровтың ісі бойынша бас прокуратураның дәлелдеріне шағымданулары мүмкін екенін мәлімдеді.

adimage