Сыбайлас жемқорлық күдігіне іліккен ПД бастығының орынбасары Садуов Ақмола облысында ұсталды

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Сыбайлас жемқорлық күдігіне іліккен полиция департаменті (ПД) бастығының орынбасары Асан Садуов Ақмола облысында ұсталды, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 3 қазанда ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті мен ІІМ ЖҚД ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жүргізген бірлескен жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК 189-бабы 3-б. («Лауазымды адамның сеніп тапсырылған мүлікті бірнеше рет ірі мөлшерде иемденіп алуы»), 362-бабы 4-б. 3-т. («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану») көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Садуов ұсталды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
ҰҚК атап өткендей, «қазіргі уақытта ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу шеңберінде одан әрі іс-шаралар жүргізуде».
Бұған дейін ҚазТАГ. Kokshetau Asia-ға сілтеме жасай отырып, қмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асан Садуов пен ПД қаржылық қамту басқармасының бастығы Сәуле Жұмалина сыбайлас жемқорлық күдігіне ілікті, деп хабарлаған еді.
«ҰҚКД өзіндік қауіпсіздік және ведомствоаралық жедел-тергеу тобы басқармасы ҚР ҚК 189 бабында қарастырылған (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) қылмысты жасаған деген күдікке ілінді, сотқа дейінгі тергеу амалдары қозғалған», - деп хабарлады бұған дейін Ақмола облысы полиция департаментінен.
Тергеу нұсқасы бойынша, заңға қайшы әрекетті күдіктілер бір жыл бойына жасап келген.
Хабарда айтылғандай, полковник Садуов ішкі істер органынан қуылған.

adimage