Сынға ұшыраған Павлодар әкімі Күмпекеевтің орнына жаңа басшы келді

Павлодар. 10 шілде. ҚазТАГ – Сынға ұшыраған Павлодар әкімі Әнуар Күмпекеевтің орнына жаңа басшы келді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов облыс орталығы – Павлодар қаласының жаңа әкімі Қайрат Нүкеновты таныстырды.
Нүкенов ақпаннан бері Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2018 жылдың тамызынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған. Оған дейін 2016 жылдың сәуірінен бастап Екібастұз әкімі қызметтерін атқарған.
Еске салсақ, 2 шілдеде Бақауов Күмпекеевке қатысты сенімнің жоғалғанын мәлімдеген еді. Мұндай мәлімдеме жасауына қала басшысының кезекті «шектен тыс» шығындары себеп болған. Күмпекеев өңір басшысының айтуынша, «қымбат тұратын пәтер сатып алу арқылы бюджет қаржысын тиімсіз және шектен тыс жұмсағаны үшін қатаң сөгіс алған, алайда тағы да сол қателігін тағы қайталап, Т6 млн сомаға эбен жиһазын сатып алған».
Қымбат тұратын пәтер сатып алу туралы хабарландыру 2018 жылдың күзінде мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған. Таунхаустағы жылжымайтын мүлікті Т49,9 млн сомаға Павлодар әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сатып алған. Бұл жағдай қазақстандықтар арасында қоғамдық резонанс тудырды. Сол үшін Бақауов Күмпекеевке қатаң сөгіс беріп, қымбат түратын пентхаусты алты қарапайым пәтерге бөліп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне беруді шешті.

adimage