Сыныптасын өлтірген деп айыпталған елордалық мектеп оқушысы Алматыдағы психиатрия орталығына орналастырылды

Күні: 17:47, 17-11-2014.

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Сыныптасын өлтірген деп айыпталған елордалық мектеп оқушысы Алматыдағы психиатрия және наркология ғылыми-практикалық орталығының  балалар бөліміне орналастырылды, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінен.
«Кәмелетке толмаған айыпталушы Алматыдағы психиатрия және наркология ғылыми-практикалық орталығының  балалар бөліміне орналастырылды», - деді сұхбатшымыз дүйсенбі күні.
Ол сондай-ақ кәмелетке толмағанды жазалау туралы шешімді тергеу аяқталған соң сот органдары қабылдайтынын хабарлады.
Одан басқа, Астананың білім басқармасы, ІІД және денсаулық сақтау басқармасымен бірге отбасы, мектеп және жұртшылықпен кәмелетке толмағандар арасында деструктивтік көрістердің алдын алуда өзара іс-әрекеттердің 2014-2015 жылдарға арналған шаралар жоспарын қабылдады.
Еске салсақ, биылғы 16 қыркүйекте елордалық №76 мектептің 8-ші сынып оқушыларының арасында қақтығыс орын алып, соның барысында біреуі екіншісінің кеудесіне, болжам бойынша, қаламсап сұғып алған. Зардап шегуші бала оқиға орнында жан тапсырған.
Сыныптасын өлтірген деп күдіктелген бала психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған.


Жаңалықтармен бөлісу: