Сырдария деңгейі Қызылорда облысындағы учаскелердің бірінде қауіпті белгіге жақындап келеді

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Сырдария деңгейі Қызылорда облысындағы учаскелердің бірінде қауіпті белгіге жақындап келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Мұздық құбылыстарға байланысты Сырдария өзені – Қазалы қ. (Қызылорда облысы) су деңгейі сағат 08:00 бері +29 см көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады. Нақты деңгей 14:00-де 612 см Қауіпті деңгей: 640 см (судың өзен жайылмасына шығуы) Шекті деңгей 743 см. (елді-мекенді су басу қауіпі) Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер ескерткендей, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі.

adimage