Сырдарияның қызылордалық бөлігінде су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап келеді

Күні: 11:36, 05-12-2019.

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Сырдарияның қызылордалық бөлігінде су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Мұздық құбылыстарға байланысты Сырдария өзені - проток Жосалы ГБ-де су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Нақты деңгей 08:00-де 638 см (...) Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Синоптиктер атап өткендей, қауіпті деңгей: 665 см (судың өзен жайылмасына шығуы).
«Шекті деңгей 720 см. (елді-мекенді су басу)», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: