ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВ: Astana Opera Қазақстанның брендіне айналады, және біз өз әншілерімізді шетел сахналарына белсенді түрде ұсына береміз

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Анастасия Прилепская. Қыркүйек айында Astana Operaопера және балет театрының әлемдік тұсаукесері өтеді. Қазақстанның опера өнері қалай дамитындығы, жаңа театр әншілері қандай жағдайда жұмыс істейтіндігі, және операға қанадй түрмен келуге болатындығы туралы бізге Astana Opera театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов айтып берді.

- Театр ел ауқымында және халықаралық деңгейде өз алдына қандай міндеттер қойып отыр?

- Біздің опера және балет театрымыздың әншілері қазірдің өзінде әлемдік сахнада сұранысқа ие. Мысалы, біздің әншіміз Бауыржан Әндіржанов Германияда 10 спектакльде ән шырқайды.

Біз өз әншілеріміз бен спектакльдерімізді белсенді түрде шет ел сахналарына экспорттау саясатын жалғастыра береміз. Атап айтқанда, «Біржан Сара» операсын Неапольдің Сан-Карло театрында қою міндетін алып отырмыз. Мәдениет және ақпарат министрлігі бізді қолдады, және, бәлкім, біз спектаклімізбен Лондондағы Ковент-Гарден театрына баратын шығармыз. Оның үстіне біз өз персоналамызды үйрету үшін Ла Скала академиясымен жұмыс атқармақшымыз.

Егер жоспарлар туралы айтатын болсақ, онда 1 қарашада бізде француздық хореограф Анжелен Прельжокаждың «Ночи» («Түндер») балетінің қойылымының тұсаукесері өтеді. Ол танымал композиторлардың музыкасын пайдаланады, және оның «1001 түн» сарынымен қойылымында француздық балет біздің сахнамызда қойылатын болады.  

Одан басқа, біз өзімізде болған «Біржан Сара», «Ұйқыдағы ару» («Спящая красавица») спектакльдерді және Борис Эйфманның «Роден» балетін қайталаймыз. Осы балетті маэстро Эйфманның өзі қояды деп күтілуде. Одан басқа, биыл біз Сергей Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балетін қоятын шығармыз деп күтудеміз. Ол спектакльді танымал француздық хореограф қояды. Ал билейтіндер біздің труппамыз. Біз осы балет арқылы өз әртістерімізді шабыттандырмақшымыз және ол қойылым да көрермен жүрегінен орын алатын шығар деп үміт етеміз. Одан басқа, мамыр айында біз Ресей халық әртісі Анна Нетребенко өнер көрсетеді деп күтудеміз, маусым айының соңында – шілденің басында Astana Operaда Ла Скала театрының гастролі өтеді деп жоспарлап отырмыз.

 

- Осы маусымда тағы қандай әлем жұлдыздарын Astana Opera қойылымдарына шақырмақшысыздар?

 

- Алдағы жоспарларымызда Джузеппе Вердидің «Аида» операсын бірлесе қою бар. Жақында атақты режиисер Франко Драгонемен таныстым, ол Cirque du Soleil режииері. Ол әлемдік премьераға келеді, және біз әлемдегі ең көне опера театры Сан-Карломен бірлесіп қойып жатқан «Аида» операсын қоятын шығар деп үміт етеміз. Біз алдын ала келіссөздерді жүргіздік.

Біз тағы шақыратын адамдар да бар. Мысалы, біз ресейлік атақты опералық әнші Дмитрий Хворостовскийді шақырып, «Кармен» операсын қоймақшымыз. Анжелен Прельжокажбен «Фрески» балетін қою туралы уағдаласатын шығармыз деп үміт етеміз. Ол спектакльді біз кейін Париждегі Опера Граньеде (Гранд опера)қоюға тырысамыз.

 

- Astana Opera театрының әлемдік тұсаукесері 21 қазанда болады, сол оқиға туралы таратып айтып берсеңіз.

 

- Әлемдік премьера дегеніміз төрт кеш. Біріншісі – Вердидің «Аттила» операсының тұсаукесері. Оған Валерий Гергиев дирижирлік жасап, спектакльді Итальядан келген тамаша режиисер және сахна шебері Пьер Луиджи Пицци қояды. Аттиланың рөлін әлемнің ең үздік бас әншісі Ильдар Әбдразақов орындайды. Одан басқа операға Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Анна Макарова  мен итальяндық орындаушылар қатысады.

22 қазанда гала-концерт өтіп, оған классика орындаушылары: атақты ресейлік пианист Денис Мацуев, Үлкен театрдың бишісі, балерина Светлана Захарова, Ольга Перетятько – ресейлік опера өнерінің жарқын жұлдызы, скрипкашы Сергей Крылов қатысады.

Біз ХХ ғасырдың көрнекті әншісі Елена Образцова келетініне қуаныштымыз. Ол келісім берді, біз қазір ұйымдастырушылық тұстарын пысықтап жатырмыз. Одан басқа, концертте қазақстандық опера және балет пен классикалық музыка жұлдыздары қатысады.

23 қазанда біз Вердидің «Атилла» операсын қайталаймыз, бірақ оны итальяндық дирижер басқарады. 24 қазанда концерт болып, онда тек Astana Operaтруппасы өнер көрсетеді. Осы төрт шара театрдың әлемдік тұсаукесеріне кіреді.

Одан басқа, әлемдік премьера аясында бізде Үлкен театрдың коллекция көрмесі өтеді. Біз уағдаластық, Үлкен театр атақты опера әншілері мен бишілері - Шаляпин, Собинов, Лемешев, Козловский, Плисецкая, Уланова киген киім үлгілерін әкеліп көрсетететін болды.

Біз көрмеге Венециялық Ла Фениче театрын шақырдық, олар раритет боларлық бұйымдар әкеледі. Ол Вердидің 1846 жылғы «Атилла» операсын алғаш қойғандағы плакат, Вердидің партитурасының қолжазбасы мен осы операға байланысты мұражайлық құндылық болып кеткен басқа да материалдар бар.

Осылайша біз әлемнің ең көне театрларының бірі  Ла Фениче мен жас театрымыз Astana Operaны байланыстырамыз. Бұл байланыс опера өнерінің мәңгілігінің белгісі іспеттес.

 

- Қандай да ағартушылық не насихаттаушылық жұмыстарын жүргізесіздер ме?

 

- Біз міндетті түрде өзіміздің ағартушылық бағдарламамызды ашамыз, Еуропадан өте ерекше маманды шақырттық. Ол мектеп оқушылары мен жастар үшін ағартушылық бағдарламасын дайындаумен айналысатын адам. Оның тәжірибесін біз өзімізге енгізбекшіміз, себебі жоғарғы музыкалық мәдениетпен ұштасу адам тұлғасының қалыптасуына міндетті түрде ықпал етеді.

Сондай-ақ біз балалар тобын құрмақшымыз, олар балалар үшін спектакль қояды. Бұл әлем тәжірибесінде бар нәрсе, мен Рим операсында жас балалардың опералық қойылымды дайындап жатқанын өз көзіммен көрдім.

Келешекте театр және Astana Opera академиясының мектебін ашу жоспарлануда. Ол жас музыканттар мен опера және балеттің әншілері мен бишілерін дайындауға керек болады. Ла Скала академиясымен ынтымақтастық бізге өзіміздің орындаушыларды дайындауға мүмкіндік берер деген үміттеміз.   

 

- Дресс-код міндетті ма, барлық қалаушыларға ашық күндер мен қойылымдар бола ма, әлде Astana Opera тек элитаға арналған театр бола ма?

 

- Опера театры қол жетерлік болуы керек деп есептеймін. Сонымен қатар мен өзім алғаш рет Алматыдағы опера театрына барған кезімде есігін аша алмай қиналғаным есімде, маған жоғарғы өнер сарайындағылар құдайдай көрінетін.

Барлығы да біз дресс-код енгізеді деп айтады. Жоқ, ресми түрде біз ешқандай да дресс-код енгізбейміз, дегенмен, көрермендер өздерінің киімдерінде белгілі бір шеңберде болғаны дұрыс.

Мен театрға қалай болса солай киініп келген адам айналасындағыларын көріп, келесі жолы лайықты киініп келер деп ойлаймын. Біз өз тарапымыздан театрда сән мен салтанат жағдайын жасап, олардың тамаша киініп келуіне мүмкіндік жасаймыз деп ойлаймын.

Бұл жерде әйелдер бізге көмекке келулері тиіс, олар өздерін сұлу етіп көрсетуге ұмтылуы тиісті. Күнделікті тіршілікте көбінесе тойға барғанда ғана тамаша киінесің ғой, бірақ ол да алғашқыда ғана, кейін адамдар қыза келе оған ешкім де мән бермей кетеді.

Ал бұл жерде – театр, мүлдем басқаша деңгей. Бізде қойылған спектаклдерде мен соншама тамаша киінген адамдарды көрдім! Ол бізде айттырмайтын дресс-код бәрібір болар деген үміт оятады.

 

- Театр билеттеріне баға саясаты қандай болады? Азаматтарды опералық театрға тарту үшін қандай да акцилар бола ма?

 

- Жолдас Ленин айтқандай, өнер - халықтыкі. Ол шынымен де солай болуы тиіс. Бұл театр ат төбеліндей азшышық үшін салынған жоқ, біздің есігіміз ашық, билет құны да демократияшыл, кез келген адам спектальге галеркаға билетті 500 теңгеге сатып алуларына болады, және біз билет құнын көтерейін деп тұрған жоқпыз. Біз өздері қымбат билет сатып ала алмайтындар да келгенін қалаймыз.  

Ал жақсы орындарға билет құны, әрине, қымбат болады. Келешекте де театр кеңінен танымал болған сайын билет құны да көтерілер деп ойлаймыз. Ол қалыпты жағдай, себебі атақты театрларда билет құны 500 еуроға дейін барады. Біз де билет құнын сондай етеміз деп отырған жоқпыз. Біздегі театрда ең қымбат билет құны 30 мың теңге – жақсы деген орындарға. Келешекте де билет құны қымбаттай береді, ал жақсы жерде отырып спекталь көргісі келетін адам ондай ақшаны төлей алар деп ойлаймын. Ол қаражат театрды қолдауға кетеді.

 

- Опералық әншілер мен балет бишілерінің жалақысы қандай?

 

- Astana Opera театрындағы жалақы лайықты, мен цифрларды айтпай-ақ қояйын, бірақ деңгейі жоғары. Біз техникалық жабдықталуы мен ғимараты тұрғысынан әлемдегі ең тамаша театрлардың бірі болатын театр салып тұрып, оның мазмұны жұтаң болуына жол бере алмаймыз.

Бұл өзі қырланбаған табиғи қымбат тас іспеттес. Ол тасты қашап, қырлап, әсем күйге айналдыру керек. Сол сияқты театр көркейіп , өсіп жетілуі үшін оған жан жақты дарынды адамдар - әншілер, балет әртістері, оркестр, хор әртістері, техникалық мамандар келулері тиіс.  Мұнда өте күрделі техникалық аппаратуралар бар, оларды игеру үшін жоғарғы мамандар керек. Және оларға лайықты жалақы төлеуіміз керек.

Бізге әлемнің әр түкпірінен және еліміздің өңірлерінен шеберлер келеді. Барлығы да байқауға қатысып, өзінің шеберлігін таныта алса, бізге жұмысқа алынады. Біздің конкурсымызға Тува Республикасынан, Қырғызстаннан, тіпті Жапониядан кәсіби мамандар келді. Көптеген қазақстандықтар шетелден еге қайтып жатыр, АҚШ-тан бір скрипкашы, Үлкен театрдан біздің музыкантымыз оралды. Бұл мұндағы жалақының жоғары екендігінің айғағы.

Біздің жалақымыз адамға бір орында жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп айтуға болады. Бұрын оркестр мен хордың әртістері бірнеше жерде жұмыс істейтін. Ол мұна келетін, аздап ойнаған соң, басқа жерге репитицияға асығатын. Ондай жағдайда қандай шеберлік туралы айтуға болады. Ал қазір жалақы отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің әртістеріміз біледі, бір жылдан соң тағыда конкуср және олар өз шеберліктерін тағы дәлелдеулері тиіс. Әрине, адам конкурстан өтуі үшін бар күшін салып жұмыс істейді. Және театр да конкурс кезінде өзінің жақсы қызметкерін қорғауға тырысады.

 

- Astana Opera еңбекте және тұрмыста қандай жағдай жасай алады?

 

- Біз әртістерге қызмет пәтерлері мен жатақханалар береміз. Қамқорлық көресуге тырысамыз, ал біз әбден аяғымызға тұрып алған соң, адамдар мен олардың отбасыларын қолдайтын боламыз, әлеуметтік пакет болады.

Біз өзімізде жұмыс істейтін адам үлкен ұжымның бір мүшесі ретінде сезінетіндей жағдай жасаумыз керек. Тек солай ғана біз армандаған, шын мәнісінгдегі ұлы тетар сала аламыз.

Егер жұмыс жағдайы туралы айтатын болсақ, бұл тұрғыдан Astana Operaда бар нәрселер әлемнің бір де театрында жоқ. Мен әлемнің бес театрында болып, жер төлесінен шатырына дейін аралап шықтым. Олар - Опера Гарнье, БастилияОперасы, Ла Скала театры менРим операсы, Неапольдағы Сан Карло театрлары.  

Мен ол театрларда біздегі барлар жоқ деп есептеймін. Бізде әр әртістің өзінің гримерлік бөлмесі бөлек, онда барлық қажет  нәрсе бар. Мен Ла Скалада болдым, онда бір атақты әншінің гримерлік бөлмесі деген тақтайша бар, ал онда дәретханасы да жоқ. Ал мұнда әр бөлмеде душ бар.

Astana Operaда репетициялық зал бар – ол сахна мен оркестірлік шұңқырдың дәл көшірмесі, сахна да өлшемі жағынан дәл келеді, үлкен және шағын екі хор залы, үлкен және екі шағын балет залы, балалар балет студиясы – екі зал, театр мектебі бар. Одан басқа оркестрге арналған 11 репетициялық зал бар. 

Мен біздегі бар нәрселер үлкен игілік және үлкен жауапкершілік деп есептеймін. Сондықтан әркім театр мүлкінің сақтығы туралы ережеге қол қойды, олар гримерлік бөлмелердің сақтығына өз ақшаларымен жауап береді. Біз үкімет сеніп тапсырған мүлікті сақтаумыз керек. Біз мүлікке сақтықпен қарау туралы айтып отырмыз. Ол алтын қағида болуы тиіс.

 

- Сіз қалай ойлайсыз, Римді Ла Скаласымен, немесе Неапольды Сан-Карломен танитындай, біздің елордамызды Astana Operaарқылы танитын бола ма?

 

- Кез келген елде бренд болатыны стадион, дүкен емес, опера театры болып табылады. Австралиядағы Сидней театры сияқты, Италиядағы Ла Скала, Франциядағы Гранд опера сияқты. Және біз де біздің театрымыз біздің еліміздің брендіне айналуына қол жеткізуіміз керек.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage