Тұман, қатты жел және шаңды дауыл салдарынан Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 17:42, 03-10-2018.

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – Тұман салдарынан Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«4 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді»,- делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Сондай-ақ хабарланғандай, Орал қ.: 4 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.
«4 қазан таңертең және күндіз, 5-6 қазан тәулік бойы Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, шаңды дауыл күтіледі», - делінген хабарда.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп болжауда.


Жаңалықтармен бөлісу: