Түнде Нұр-Сұлтандағы базарлардың бірінде алапат өрт болды

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Түнде Нұр-Сұлтандағы базарлардың бірінде алапат өрт болды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«6 тамызда сағат 3.49-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» тетігіне Байқоңыр ауданы Алаш көшесі бойындағы «Big Шанхай» сауда базарында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келіп жеткенде сағат 3.57-де «Ярмарка» азық-түлік павильонындағы халық тұтынатын тауарлары бар 30 бутик өртеніп жатқан. Өрт сөндірушілер қабылдаған шаралардың нәтижесінде сағат 4.35-те өрт ауыздықталып, сағат 5.08-де сөндірілген», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол өрт алаңының 500 ш.м. құрағанын атап өтті.
«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Елордалық ТЖД жеке құрамдағы 44 адамы мен 12 бірлік техникасы жұмылдырылған», - деді Нұрахметов.

adimage