Тұрғымбаев Қазақстан Тәуелсіздігі Күні қарсаңында ұсталған белсенділер туралы білмейді

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаев Қазақстан Тәуелсіздік Күні қарсаңында белсенділердің ұсталуы туралы білмейді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біріншіден, митингтер әлі басталған жоқ. (...) Алайда ол жерде әкімшілік материалдар бар (алдында өткен митингтер бойынша – ҚазТАГ). Солар бойынша. Ондай күн сайын өтіп жатыр ма? (...) 16 желтоқсан әлі болған жоқ қой. (...) Кім айтты (ұсталғандар туралы – ҚазТАГ)?» - деп жауап берді жұма күні Қазақстан Тәуелсіздік күні қарсаңында белсенділерді ұстау себебі туралы журналистер қойған сұраққа үкімет кулуарында Тұрғымбаев.
Бұған дейін белгілі болғандай, Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі көптеген белсенділер еліміздің Тәуелсіздік Күні қарсаңында қамауға алынды. Оларға бейбіт митингілер өткізу туралы заңнаманы бұзу айыбы тағылған. Қамауға алынғандар арасында азаматтық белсенділер Асхат Жексебаев, Ноян Рақымжанов, Марат Мұсабаев, Болатхан Хамитұлы, Нұрсұлтан Тастаев, Зүбайда Сейдахметова, Фариза Беспаева, Ақмарал Керімбаева, Қапар Ахат, Гүлмира Халықова, Ғалия Тамабаева, Жұмамұрат Шәмші бар. Сонымен қатар сот белсенді Бақдәулет Әлібековке айыппұл салды.
10 желтоқсанда ҚазТАГ ХАА Алматыда азаматтық белсенділерді 16 желтоқсанда митингке шықпауларын ескерткендігі туралы жазған еді. Бұған дейін Oyan, Qazaqstan! қозғалысы Алматыда Республика алаңында Тәуелсіздік Күні митинг өткізу ниеттерінің барын жариялаған болатын.

adimage