Тұрғымбаев экс-арнайы прокурор Олеся Кексельге қатысты іс туралы: Тергеу жалғасуда

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан.
Қазақстан бас прокуратурасының арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты іс жалғасуда, деді ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
«Бұл процедуралық мәселе. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 401-бабы. Тергеу амалдары (Кексельге қатысты – ҚазТАГ) жалғасуда», - деді Тұрғымбаев сейсенбідегі үкімет кулуарында.
15 қарашада бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісі бойынша процесте адвокат Хамида Айтқалиева ішкі істер министрлігінің прокурорлары Бауыржан Ғаббасов пен Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын айтқан болатын. Олар ҚР ҚК 146 бабы 1 бөлімі (тергеушiнiң, анықтауды жүзеге асыратын адамның немесе өзге де лауазымды адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату не ол немесе басқа адам жасаған немесе жасады деп күдiк келтірілген әрекет үшiн оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi тұлғаны қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен немесе кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi) бойынша айыпталуда. Адвокаттың ақпарынша, тергеуді бастауға оның қорғаушысы –кәсіпкер Е.И.Нәбиевтің Кексель мен Ғаббасовтың заңсыз әрекеттері туралы арызы себеп болған. Айтқалиева сондай-ақ, Кексельдің қорғану құқығы беріле отырып, куәгер ретінде жауап бергенін айта кетті. Хабарда атап өтілгендей, қылмыстық істі жетекшісі ҚР ІІМ тәжірибелі тергеушілерінің бірі болып табылатын шұғыл-тергеу тобы тексеріп жатыр.
21 қарашада экс-бас прокурор, сенат депутаты Қайрат Қожамжаров Кексельге қатысты іс тоқтатылды деп мәлімдеді, алайда сол күні оның сөзін ІІМ теріске шығарып, арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысына қатысты тергеудің жалғасып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, экс-прокурордың Қазақстанда екені айтылды.
28 қарашада ІІМ ҚазТАГ ХАА Кексельге қатысты тергеу амалдары туралы ресми сауалына берген жауабында 2019 жылдың 19 қыркүйегінде ІІМ тергеу департаменті жәбір көрсетілгендігі туралы Е.Нәбиевтің арызы бойынша қылмыстық істі тіркегенін мәлімдеді.
Еске салсақ, 23 мамырда ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлары қызметін басқарған Олеся Кексель қадағалау органында жұмысын тоқтатқан. Әлеуметтік желілерде Кексельдің Қазақстаннан кеткені туралы хабарлама таралғаннан кейін ақпаратты агенттіктің тілшісіне мекеменің call-орталығы растады. Таратылған хабарламада оны сенатор Қайрат Қожамжаровтың «протежесі» (біреудің сүйеуіндегі адам) деп атады.
Хабарлама авторлары Кексель «бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің ісі бойынша тергеу тобын басқарғанын» атап өтті.
«Тергеу аяқталғаннан кейін Кексель мансап сатысына тез көтеріле бастады», - делінген хабарламада.
2018 жылдың қаңтарында Кексель Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлары қызметінің басшысы болып тағайындалды, бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеу бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды. Бұрынғы премьер-министр Ахметовтің ісінен басқа, Кексель, қорытындысында 10 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишембаевтың ісінде тергеу тобын басқарды.
Қожамжаров наурыз айында Сенат депутаты болды, бұған дейін, 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ол Қазақстанның бас прокуроры болды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған.
Айта кету керек, ҚазТАГ ІІМ бұған дейін Бас прокурордан Кексельдің кететінін растауды сұраған, алайда аталмыш агенттік редакцияның өтініштеріне ресми жауап берген жоқ. 2019 жылдың 27 мамырында агенттік тілшілері қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Талғат Татубаевтың Бас прокуратурадан кететінін растады.
Адвокат Жан Күнсеркин 25 шілдедегі баспасөз мәслихатында түсіндіргендей, оның клиенті Гүлнара Мұсабаеваның ұрлауға еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, адвокат Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы прокурорлары қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің Иманғали Тасмағамбетовке қарсы куәлік беруді қылмыстық іс бойынша күдікті Гүлнара Мұсабаевадан талап еткенін айтты.
Оның айтуынша, Кексель кей ақпарат бойынша қазіргі таңда Қазақстаннан кетіп Германияда жүрсе керек.
2019 жылдың 20 қарашасында ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Кексельдің Қазақстанда екенін жеткізді. Ол Кексельдің азаптау туралы қылмыстық істің фигуранты екенін растады.

adimage