Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне салымшыларға несие беру үшін 2021 жылға дейін Т120 млрд бөледі

Күні: 19:02, 19-02-2019.

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (ТҮҚЖБ) АҚ 2021 жылға дейін салымшыларға несие беру үшін Т120 млрд алады, деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек.
«Нұрлы жер» мембағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 5 жыл бойына, салымшыларға несие беру үшін 2017-2021 жылдары 120 млрд теңге бөледі», - деді Ж. Қасымбек сейсенбідегі үкімет отырысында.
2019 жылға 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң аясында Т28 млрд бөлу қолдау тапты, деді ол.
Ж. Қасымбек мәлімдегендей, бюджеттік несие ТҮҚЖБ-ге жылдық 0,15%-бен 20 жылға беріледі.
Министрдің ақпарынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі бойынша 1,3 млн салымшы бар, олардың жинақтарының жалпы сомасы Т660,6 млрд. Бұл салымшылар «Нұрлы жол» мембағдарламасының әлеуетті қатысушылары болып табылады, олар мемлекеттік қолдау шаралы арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ниетті.
«64,7 мың салымшының жинақтары жеткілікті, яғни пәтер құнының 20%-ын құрайды, 195,9 млрд теңге», - деді министр.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 38,3 мың займ берілген, бұл 2017 жылғы деңгейден 48% жоғары, 2017 жылы Т243 млрд сомаға 28,7 мың займ берілген.
«Жалпы тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі баспана алудың қолайлы құралдарының бірі», - деді министр.


Жаңалықтармен бөлісу: