Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі басқарма төрағасының орынбасары Ербол ҚАРАШҮКЕЕВ: БАНКІ БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА ТҰРҒЫЗУ ҮШІН БҮКІЛ МҮМКІН БОЛҒАНДЫ ЖАСАУДА

- Ербол Шырақбайұлы, іске қосылған сәтінен бастап «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі бағытыменмиллион шақты шаршы метр тұрғын үй құрылысына арналған келісім-шарттарға қол қойылғаны белгілі. Бұл ғаламат аумақ... Саны шындыққа жанаса ма?

- Жоқ, ол қазірдің өзінде ұлғайып та үлгерді. ҚТҚЖБ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының екі бағыты бойынша жұмыс жасайды. Бұл «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» және «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыттары.
Егер нақтырақ айтатын болсақ, онда «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша құрылыс жөніндегі қызметтестік туралы келісімге қол 211 тұрғын үй бойынша қойылды, ал бұл жалпы аумағы 1 млн 57 мың шаршы метрді құрайтын 16 630 пәтер. Бұл көлемнің 540 мың шаршы метрдегі 8300 пәтерден көбі осының өзінде тұрғызылып бітіп, ішіне тұрғындар кіргізілуде.
Одан өзге, «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы аумағы 233 мың шаршы метр 3978 пәтерлік 68 тұрғын үй құрылысы туралы келісімге қол қойылды, олардың жалпы аумағы 138 мың шаршы метрдегі 2546 пәтер құрылысы аяқталған, оларға жас жанұялар қоныстануда.
Және бұл «ғаламат» аумақ, сіз айтып отырғандай, өсуін жалғастыратын болады. Неліктен біз осынша сенімдіміз? Себебі әкімдіктер де, банкі де ол үшін мүмкін болғанның бәрін жасап жатыр. Бүгінге дейін біз бірлескен үлкен жұмыс атқардық. Өйткені, шынтуайтына келгенде, ҚТҚЖБ мен әкімдіктердің құралдары түрліше, бірақ мақсат бір – азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Сөзіме сеніңіз, әрбір әкім өңірде инфрақұрылымның дамығанын, өмір сапасы өсіп, адамдар жеке тұрғын үйлерін сатып ала алғанын қалайды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып біз жұмыстың анық схемасын жасап шығардық, әлбетте, бастан кешірген қателіктер есебінен, бірақ бастысы ол – біздің шынайы нәтижелерге бірге бағыт алатынымызда.

- Ұмытпасақ, бұрынырақ соншалық жылы қарым-қатынас көрінбейтін: құрылыс мерзімінің кешіктірілуін ҚТҚЖБ әкімдіктерге сілтейтін, ал әкімдіктер – банкіге. Ал ендігі кезекте ең ақырында кім кінәлі болып шығады?

- Бұл «Кім кінәлі және не істеу керек?» деген сұрақ жалықтырып та жіберді. Қанеки, басын ашып алайық та, жауып тастай қояйық. Тұрғын үй құрылысы мен сатып алу рәсімі қалай жүретінін қарастырып көрейік.
Сонымен, бюджеттен әкімдіктерге құрылысқа және коммуникация жүргізуге қаражат беріледі. Әкімдік тендер өткізіп, құрылыскер-құрылыс компаниясын анықтайды. Құрылыс компаниясы құрылысты іске асырады, ал әкімдік – аяқталған құрылыстың қабылданымынжәне егер құрылыс компаниясы әлдебір шаруаларды сапалы жасап үлгермей жатқан болса, онда әкімдікке компаниядан барлық жұмысты сапалы аяқтауды талап ету қалады. Құрылыс мерзімі, әрине, сонымен бірге зардапқа ұшырауы мүмкін. Бірақ қанша дегенмен нысандардың көпшілігі мерзіміне орай дәл тапсырылады. Кездесіп жүрген құрылыс кешіктірілімдері, солайша ол – тендерді жеңіп алған құрылыскер кәсіпқойлығының жетіспеушілігінен. Біз бұған тап болудамыз және барлық күш-жігерімізбен күресудеміз.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасындағы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің міндеттері клиенттер үшін пәтер сатып алу үшін қаржылық тұрғыда қолжетімді тетік құру болып табылады. Ал бұл міндеттерді Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі атқарып келеді және атқара бермек те. Ол үшін қажет дегеннің бәрі бізде бар.

- Толық қамтылған жауап. Және, әйткенмен, қазір «проблемалық нысандар» бойынша мәселелер қалай шешіледі, мысалы, Маңғыстаудағы үйлер бойынша?

- Сонымен, үйлердің тапсырылу мерзімдерінің кешіктірілу себептері бұл әлсіз материалды-техникалық база, тұрақсыз қаржылық жағдай, басмердігерлік-құрылыскер ұйымдардың тәжірибе жеткіліксіздігі екеніндігіне көз жеткіздік. Маңғыстау облысындағы 400 пәтерлік «Аққу» тұрғын үй кешеніне келер болсақ, онда анықталған техникалық проблемалардың салдарынан құрылыстың тоқтатылғаны белгілі. «Аққу» бойынша пул қатысушыларына сапалы тұрғын үй тапсыруды жеделдету үшін қазіргі таңда тұрғызылып жатқан басқа тұрғын үй кешендеріндегі жаңа пәтерлерге ауыстыру жүзеге асырылуда. Биыл 300 пәтерден аз емес құрылыстың аяқталуы күтілуде, қалғаны – келесі жылы. Осылайша, «Аққу» бойынша проблема мердігерлердің мүддесінде шешілуде.
Маңғыстау облысының билігі біздің салымшылардың проблемаларына түсіністікпен қарап, жағдайдан шығуды бағдарлама қатысушыларының пайдасына шешіпберді.

- Сіздердің жергілікті биліктермен арадағы ынтымақтастық мәселелеріне қайта оралсақ. Әкімдіктер альянсы мен Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің жұмысы біршама өзгерді. Бұл өзгерістер неден көрінеді?

- Тәсіл өзгерді. Әрине, шешілуі екі тараптың мұқият назар салуын талап ететін жұмыс сәттері болады. Және біз оларды бірге шешеміз, хабардар ете отырып. Қазір біз үшін жергілікті атқарушы органдармен қызметтестіктегі басты нәрсе ол – толық және дер кезіндегі өзара ақпараттылық, тәртіпке салынған жұмыс және, әрине, сенім. Біз осы тиімді жұмыс қосылғыштарының барлығына қол жеткіздік. Және мәселелер туындаған кезде оларды мейлінше қысқа уақытта шешуге тырысамыз. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында әкімдіктер біз үшін – шешуші серіктестер, оларға құрылысты қаржыландыру мен тұрғызылған тұрғын үйді пайдалануға беруді қабылдау бойынша міндеттерді жүзеге асыру жүгі артылған. Бұны әркез сапалы әрі дәл мерзімінде істеу оңай емес.
Біздің бағдарламалар бойынша құрылыс тек облыс орталықтарында ғана емес екенін толықтырып өткім келеді, аудандық маңыздағы қалаларда да құрылыс келісімі бойынша жұмыс жүргізілуде. Біз осындай ұсыныспен шыққан едік, жергілікті атқарушы органдар аталмыш мәселе бойынша бізді толығымен қолдады. Мәселен, Алматы облысы – осы бағыттағы өте келешектілердің бірі.

- «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының ағымдағы нәтижелеріне қайта оралайықшы. Сіз өсім қарқынының айтарлықтай жоғары екенін мәлім еттіңіз, оны қаржылық баламада нақтылай кетсеңіз бола ма екен?

- Адами баламада айтайықшы (жымияды). Біздің тек несиелеп, қоныстандырмайтынымыз түсінікті, бірақ қанша дегенмен... «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша шамамен 6 мың жаңа пәтерге біздің банкінің салымшылары қатарынан қоныстанушылар орналасқанын білеміз. Тағы екі жарым мың тұрғызылған пәтерге қазір құжаттар ресімделуде және адамдар да қоныс тойын тойлауға дайын. Жыл соңына дейін тағы 7 мыңға жуық пәтер құрылысын аяқтау күтіліп отыр. Жаңа баспана құрылысы туралы келісімге отыру жалғасуда. Сондықтан қарқындар расында да жоғары.

- Үкіметтің бірер күн бұрын бағдарламаға енгізген өзгерістері туралы сұрамай өте алмаймыз. Бұл нендей өзгерістер және олар азаматтарда қалайша көрініс табады?

- «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасындағы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің рөлі қаржылық оператор рөлі екенін еске салып өтсем деймін. Және шешімді банкінің қабылдамайтыны түсінікті, қарапайым тілмен айтқанда, біз – атқарушылар ғана. Бағдарламадағы өзгерістерге сәйкес, қатысушылар үш топқа бөлінген.
Бірінші топ – жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрушылары. Бұл жетім балалар, халықтың әлеуметтік осал қабаттары, мемқызметкерлер мен бюджетшілер. Екіншісі – азаматтардың барлық санаттары. Үшінші топ – жас отбасылар. Өзгерістер мәні мынада – енді  жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрушылары бағдарламаның «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағытына қатысу мүмкіндік алды, онда бұларға 50% пәтер сатылады, қалған 50%-ы аталған бағыт бойынша – бұрынғыдай, барлық азаматтар арасында сатылады.
Жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрушылары арасынан болатын сатып алушылар тізімін тікелей әкімдіктер ұсынатын болады. Олар арқылы сондай-ақ «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша үміткерлер тізімін құру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі үміткерлердің пәтерді сатып алуға деген қарызды өтей алуы бойынша табыс жеткіліктілігін тексереді, яғни төлем қабілеттілігін тексереді.
«Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша пәтерлердің қалған 50%-ы бойынша «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» бұрынғыдай салымшылар арасынан сатып алушылар пулын құрады. Яғни біз нақты құрылыс нысанына сатып алушылар пулына қатысуға арыздар қабылдау туралы жариялағаннан кейін жарияланған мерзім ішінде арыздарды қабылдап, ұпайларды санау және төлем қабілеттілігіне тексеріс қорытындылары бойынша салымшыларды сатып алушылар пулына қосамыз.  Сатып алу құрылыс біткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

- Бұл кезектердің немесе әкімдіктер мен банкі арасындағы міндеттемелердің шатасуына әкеліп соқтырмай ма?

- Мен жасырып жатпаймын, ондай қауіптенулер бар. Сол себепті қазір, қабылданған өзгерістерден кейін, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп біз әрі қарайғы жұмыстың барлық бөлшектерін жасап шығарудамыз. Біздің ортақ міндетіміз – азаматтар үшін мейлінше жайлы жағдайлар құру. Бағдарламаға қатысушылар айқын бағыт алуы және өздерін қызықтырған ақпаратты іздеу жолында «бір терезеден басқасына» жүгіріп жүрмесі үшін біз барлық туындаған сұрақтар бойынша адамдарды дер кезінде хабардар етіп, кеңес беретін боламыз.

- Бағдарлама қатысушыларының өзіне және соған айналғысы келіп жүргендерге деген талаптар өзгерді ме?

- Иә, өзгерді. Бұрын жұмыс істеген жағдайлардан айтарлықтай айырмашылық қазіргі кезде бағдарламаға оның барлық бағыттары бойынша қатысушыларға талаптар біріздендірілгендігіндеболып отыр. Өзгерістерге дейін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша қатысу мүмкіндігі тұрғын үйдің бар-жоғы мен мәртебесіне қарамастан, іс жүзінде әрбір азаматта болған еді. Енді оларға соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйдің болмағанын растау қажет, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша – соңғы 2 жыл ішіндегі тіркеудің болуын.

- Бағалардың өзгеруі туралы сұрамай өте алмаймын. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің шаршы метрі енді қанша тұратын болады?

- Бағалар банкіге байланысты емес, оның үстіне, баға төмен болған сайын, біз үшін жақсы. Бірақ ешкім де өзінің шығыны үшін тұрғызбайды. Құрылыс жабдықтарының бағасы төмендемей, керісінше өсіп тұрғанын көргенде, бұл бағалардың түзетіміне әсерін тигізеді.
Бірден айтайын, бағдарлама тек максималды бағаларды ғана алдын ала айтады, және егер арзанға салу мүмкіндігі болса, онда баға да төмен болады.
Сонымен, 2014 жылдың 31 наурызында нақтыланған бағалар. Астана мен Алматы қалалары бойынша 1 шаршы метр үшін максималды баға өзгеріске ұшыраған жоқ – 3-класты жайлылығы бар тұрғын үй үшін 142 мың 500 теңге және 120 мың теңге – 4-класты жайлылығы бар тұрғын үй үшін. Маңғыстау, Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстары үшін – 3-класты тұрғын үйдің шаршы метрі үшін баға 115 мың теңгеге дейін және 4-класс үшін 110 мың теңгеге дейін. Қалған өңірлер бойынша: үшінші класты тұрғын үйдің шаршы метрі үшін 100 мың теңгеге дейін және 90 мың теңгеге дейін – төртіншінікі.
Жаңа бағалар пулдар енді ғана жарияланатын жаңа құрылыс нысандарына қатысты болмақ, ал бұрын құрылған пулдар бойынша банкі бағалардың сақталуына болысады, себебі тендерлер мен мердігерлермен бұрынырақ келісімдер жүргізілген.

- Қаржылық операцияларға қайта оралайық. Тұрғызылған тұрғын үй үшін қаражаттарды әкімдікке қайтару динамикасын түсінгіміз келген еді.

- «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдарға қаражаттарды қайтару қарқынының өсімі туралы сеніммен айтуға болады. Бағдарлама басынан бері жергілікті атқарушы органдарға сатылған пәтерлер үшін 26,1 млрд теңге аударылған. Биыл 35 млрд шақты теңге аударуды көздеп отырмыз. Осылайша, 2014 жылдың соңына таман тұрғызылған пәтерлер үшін жергілікті атқарушы органдарға қайтарылған жалпы қаражат сомасы ұлттық валютамен 60 млрд-ты құрамақ. Бұл расында да өте жоғары көрсеткіштер.

- Ал «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша әкімдіктермен есептесу қалай жүруде?

- «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағытына қатысты айтар болсақ, онда жергілікті атқарушы органдарға тұрақты ақша қайтарымын біз 2020 жылдың басына қарай күтеміз. Неге ондай мерзімдер? Өйткені барлық тұрғын үй жалға беру арқылы сатылады. Яғни, жас отбасына пәтер 8 жылға жалға беріледі және осы мерзім ішінде оның құнының 50%-ы жиналуы қажет. Және де жал үшін жас адамдар төлемейді, олар тек «коммуналкаларды» ғана төлеп отырады және өз шоттарына ай сайын жинақтаушы төлемақылар енгізіп тұрулары тиіс. Бұл өте ыңғайлы. Солай емес пе, пәтерде жалдап тұрып, қожайындарға төлеп өмір сүру бір бөлек те, егер жеке үйіңізге инвестицияласаңыз ол мүлде басқа ғой?

- Бұндай схема бойынша тұрғын үй сатып алуды тілейтіндер көп шығар, бәлкім?

- Әрине, сұраныс үлкен және барлық өңірлерде өсуін жалғастыруда. Бағдарламаның «Жас отбасыларға арналған» бағыты бойынша 29 жастан аспаған қатысушылар тізімін алдын ала әкімдіктер толтырады, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі айлық жинақтауларға қажетті соманы санап, табыстарды тексеріп, жинаққа түсетін жарналардың жүйелілігін бақылап отырады. Пәтер құнының 50%-ы жиналып, жас отбасы тұрғын үй қарызын алу құқығын иемденген кезде, жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй құнының 100%-ы аударылады, ал жас адамдар банкі алдындағы қарыз бойынша борышкерлік қалдығын төлеп жабуға тиіс болады. Олар үшін тұрғын үй қарызы бойынша мөлшерлеме жоғары емес – 4,5% жылдық, бұл «Өркен» тарифтік бағдарламасы бойынша біздің стандартты мөлшерлемеміз.
Жас отбасыларда кіріс көлемі жоғары болмағандықтан, олар үшін осындай тәсілмен баспана сатып алу расында бір шынайымүмкіндік болып табылады.

- Барлық қазақстандық банкілерде несие, депозит, тіпті кез келген операцияны ресімдеген кезде қомақты сома комиссиялық алымға кетіп отырады, ал клиенттерге қаржылық жүктелістің бұл түрі ҚТҚЖБ-да қалай көрінеді?

- 2013 жылдың 11 қазанында үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың тұрғын үй жинақтау жүйесіне қатысуы үшін қаржылық жағдайларды жеңілдету бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Аталмыштапсырманы орындау үшін банкі іс басындағы комиссияларды толығымен қайта қарап шықты. Оның үстіне, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі ұрандарыныңбірі – «Үнемшілдік – гүлденуге апарар жол». Ал көптеген комиссиялық алымдар салымшылардың ақшасын, олардың уақытын алады, және, шын мәнінде, банкі философиясына қарама-қайшы келеді.
Енді ережелер өзгерді. ҚТҚЖБ-да пулға қатысуға арыз тапсыру комиссиясы алып тасталды және тегін болған қызметтердің бірқатар комиссиялары жойылды. Жалпы алғанда, осындай іс-шаралардың арқасында біз қаржылық жүктелісті 30%-ға төмендеттік. Клиенттер үшін басымырық тартымды жағдайлар ұсыну мақсатында Банкі жеке операциялық шығындарды клиенттеріне емес, өз мойнына артады. Одан өзге, қазір арызды электронды түрде тапсыруға болады немесе банкі агентін үйге, немесе ыңғайлы уақытта жұмысқа да шақыруға болады.
Банкіде қызмет және сервис деңгейін арттыру рәсімдерін оңтайландыру бойынша толық іс-шаралар кешені жүргізілген болатын. Яғни, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

- Және көпшілік үшін тағы бір өзекті тақырып. Бәріне белгілі, Қазақстанда соңғы кездері ипотека жайы қиындап кетті, пайыздық мөлшерлемелер өсті, банкілердің шарттары қатайды, кейбіреулері тіпті ипотека бермейді. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіндегі жағдай қалай? Немесе Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі мембағдарламалармен айналысып, бұл жағдай оны жанай өтпеді ме?

- Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі бұл, бәрінен бұрын, - мамандандырылған банкі. Біздің қаржыландыру жүйеміз қарапайым ипотекадан өзгешерек, тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша дәл сол проблемаларды шешуге және сонымен қатар ипотекаға қарағанда айтарлықтай аз төлеуге мүмкіндік берсе де. Санай білетіндер біздің клиенттерімізге айналады, ал орташа табыс табатын адамдар үшін біздің банкі тұрғын үй жағдайын жақсартудың жалғыз ғана қолжетімді мүмкіндігі болып табылады.
Және де бұл тек мембағдарламаға қатысты емес. Мембағдарламалар бойынша біз 35%-ға жуық қарыз береміз, ал біздің қарыздардың үлкен көлемі 2 есеге – 65% шақты – біздің клиенттер тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қарапайым жағдайда алады: нарықтағы тұрғын үйді сатып алу, үй құрылысы және т.б.
Сіз, бәлкім, естіген де шығарсыз, біздің елдегі тұрғынүйқұрылысжинақтау жүйесі көп жағдайда басқа елдердегі тұрғынүйқұрылысжинақтаудың әлемдік сәтті тәжірибесін көшіреді. Міне қалай, барлық  тұрғынүйқұрылысжинақбанкілері үшін қаржылық тұрақтылықтың ең жоғары санаты айрықша ерекшелік екенін саспай айта аламын.
Елімізде көбі ипотекалық дағдарыс туралы айтып жүрген кезде, біз 2008-2009 жылдар аралығында табысты дамуды жалғастырған едік. Біз қазір де өсуді жалғастырудамыз. Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі өз қарыздары бойынша мөлшерлемелерін арттырмады және оны жоспарламайды да. Бізде клиенттер саны, депозиттік және несиелік портфельдер артып келеді. Қазақстандықтардың көпшілігі бұның қаншалықты екенін түсініп, бізге келуде.
Мәселен, биылдың тек бірінші тоқсанында біз клиенттермен 25 мың шақты жаңа келісімге отырдық, ал қызмет көрсетілетін келісімдердің жалпы саны бүгіндері 335 мыңнан асып жығылды.
Биылдың дәл сол бірінші тоқсанында біз азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жалпы сомасы 13 млрд шақты теңгеге 3 мың шақты жаңа қарыз бердік. Барлығы, өзінің қалыптасу сәтінен бастап, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі 223 млрд теңге сомасына 63 мыңнан астам қарыз берген. Тұрғынүйқұрылысжинақтау жүйесінде біздің клиенттерді олардың біздің тұрғын үй қарыздарын қандай жағдайда беретінімізді алдын ала білуі тартады: мөлшерлемені біледі – бізде ол теңгемен 3,5%-дан 5%-дық жылдыққа дейін, соманы біледі – бұл соманы олар тұрғынүйқұрылысжинағын жинау мүмкіндігі мен өз қажеттіліктеріне қарай өз бетінше анықтайды. Клиенттердің өздері несиелеу мерзімін де өздігінентаңдайды – 25 жылға дейін.
Барлық клиенттер үшін бізде бірыңғай тарифтік бағдарламалар бар және банкі жұмыскерлері үшін де ерекше жағдай болған емес.
Басқа жағдайлар тек егер оған жекелеген қаржыландыру көзі болған кезде ғана болуы мүмкін. Мысалға, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша мөлшерлемелер төмендетілді, себебі ол үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне бюджеттік несие берілді.
Және де клиенттердің сенімі біз үшін – ең үлкен құндылық. Бізге сенеді, біздің шарттарымызды өз таныстарына кеңес етеді. Және егер ипотека көбінде «кабала» ассоциациясын туындатса, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің тұрғын үй қарыздары жөнінде ондайды естімейсіз. Менің өзім тұрғынүйқұрылысжинақтары туралы бүкіл таныстарыма қуана-қуана кеңес беремін, оның бәрі тұрғын үй қарыздарын алуға деген құқыққа ие болу үшін – және де нені сатып алатындарын әлі шешпегендері маңызды емес.
Жылжымайтын мүлік бұл – қысқа мерзімдік сатып алу емес, бізде жинақ салуды бастай келе шешім қабылдайтын уақыт бар, ал жинақтаған сайын өз мүмкіндіктеріңе деген сенімділік те пайда болады. Соның ішінде салымшылар үшін берілетін мүмкіндіктердің бірі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысу болып табылады.

- Сөйтіп, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі барлық қаржылық критерийлер бойынша жаман емес нәтижелерге қол жеткізді, бірақ қазақстандықтарға көтерме бағалармен тұрғын үй беру үшін сіз банкіге тәуелді барлық нәрсені жасауға тырысушылықты приоритет етіп қоясыз. Банкирлерден бұндайды есту бір түрлі үйреншікті емес екен, сізге солай көрінбей ме?

- Жоқ. Себебі Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі – бірегей қаржылық институт және бізде тек табысқа бағытталу деген жоқ, болмайды да... Бізде жай ғана бизнесмендердің емес, жасампаздардың позициясы бар десе де болады. Біздің міндет – «Қолжетімді баспана» бағдарламасы мемлекет басшысының тағайындауы бойынша жұмыс істеуіне өз тарапымыздан қолдан келгеннің бәрін жасау.
Білесіз бе, өз жаңа пәтерлеріне кіріп жатқан адамдардың эмоцияларын көргенде, сенің жұмысыңның біреуді бақытты етуге үлес қосқанын сезінесің, бұл көп нәрсе тұрады...

- Сұхбатыңызүшін алғысымызды білдіреміз!

adimage