Тұрақты құрғақшылық несие төлеу бойынша қазақстандық фермерлердің басты проблемасы деп аталды

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. Тұрақты құрғақшылық несие төлеу бойынша қазақстандық фермерлердің басты проблемасы деп аталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстандағы ең үлкен проблема – құрғақшылық, соңғы тоғыз жылда Қазақстандағы құрғақшылық жағдайын талдай келе оның әр үш жыл сайын жалғасып келе жатқанын байқауға болады, және мен бұл үлкен проблема деп ойлаймын, бұл тіпті үлкен апат, әсіресе фермерлер үшін», - деп мәлімдеді Астана экономикалық форумында Swiss Re компаниясының Еуропа және Орталық Азия бойынша агро-қайта сақтандыру бағытының басшысы Марсель Андриес.
Оның үстіне, оның айтуынша, құрғақшылық фермерлердің кредит төлеу проблемасының басты себебі болып отыр.
«Фермерлер үшін құрғақшылық апат болып келеді, себебі оларда бардың барлығы құрғап қалуы мүмкін, нәтижесінде олар кредиттерін төлей алмайды, және бұл тіпті олардың бизнесінің құлдырауына алып келуі де мүмкін», - деп түсіндірді спикер

adimage