Төребаев ДСҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лдауазымына тағайындалды

Астана. 17 наурыз. ҚазТАГ – Қайрат Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Төребаев 2019 жылдың шілдесінен бастап сауда және интеграция вице-министрі, оған дейін Ұлттық банктің халықаралық ынтымақтастық департаментін басқарған, 2014 жылдың қазанынан бастап ұлттық экономика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болған.

Фото көзі:


adimage