Түрік тасымалдаушысы Астана мен Анкара арасына тікелей рейс шығарды

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Түрік тасымалдаушысы AnadoluJet Астана мен Анкара арасына жаңа рейс шығарды, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.
«Ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар шеңберінде 5 желтоқсанда Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады. Тасымалдаушы — «Turkish Airlines» түрік әуе компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «AnadoluJet».
Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.
«Аталған рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда, туризм және бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді деп күтілуде», - деді ААК.

adimage