Түркі елдері келесі Бүкіләлемдік көшпенділер ойынының Қазақстанда өткенін қолдады

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Түркі елдері келесі Бүкіләлемдік көшпенділер ойынының Қазақстанда өткенін қолдады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәжіліс спикері Ерлан Қошановпен кездесу қорытындысы бойынша таратқан хабарында.
«Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысына Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің делегациясының қатысқаны жөнінде баяндады. Түркі қоғамдастығы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Бұған дейін ҚазТАГ хабарлағандай, Қошанов Тоқаевқа конституциялық реформаның жүзеге асырылу заңдылығы туралы баяндаған болатын.

adimage