Түркіменстан шекарасындағы Жетібай жолын қайта жөндеу жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ – Түркіменстан шекарасындағы Жетібай жолын қайта жөндеу жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі-Түркіменстан Республикасының шекарасы» (Түркменбашы) автожолы 2019 жылы пайдалануға беріледі», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Ұлттық компания ақпарынша, республикалық маңызы бар «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан Республикасының шекарасы (Түркменбашы)» автожолының 73 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін автожол 4 жолақты, І «Б» техникалық санатының талаптарына сәйкес болады.
«Қазіргі таңда жұмысшылар жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол жабынының төменгі және жоғарғы қабаттарын төседі. Учаскеде 25 темірбетон құбырлар орнатылды. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде жол-пайдалану учаскелерін қайта жаңарту және жаңа учаскелердің құрылысы көзделген. Автожолды қайта жаңартуға 800-ге жуық мамандар мен 565 бірлік техника жұмылдырылды. Жол қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес күре жолдың бойында қоршаулар, учаске бойынша жаңа жол белгілері орнатылады», - делінген хабарда.
Қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады.

adimage