Түркістан билігі жылыжай алаңын кеңейтуді жоспарлап отыр

Шымкент. 2 маусым. ҚазТАГ  Оңтүстік Қазақстан облысы  Түркістандағы жалыжайға 35 га жер бөлінген, бұл ретте биік жылыжай алаңдарын ары қарай кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Түркістанда жылыжай көлемі ұлғайтылуда. Қала аумағындағы 35 га жер жылыжайға берілген. Алайда ол жеткіліксіз болып отыр», - деп хабарлады  облыстық баспасөз қызметінен.
Түркістан әкімі Әліпбек Үсербаевтың айтуынша, тұрғындарды жергілікті өніммен қамту үшін қала 2260 тоннадан астам қызанақ  пен 1651 тоннадан астам қияр шығаруы керек. Әзірге 2014 жылдың нәтижесі бойынша түркістандықтар 840 тонна қызанақ пен 1330 тонна қияр өсіріп жатыр. Бұл аудан қажеттілігінің тек жартысын ғана жауып отыр.
Жылыжай санын көбейту бойынша жұмыстар жалғасатын болады, деп уәде берді әкімдікте. Облыс басшылығы азық-түлік белдеуін ірі қалалар мен елді мекендердің маңында салу үшін, жылыжай құрылыстары өз септігін тигізер деп сенеді. Сондпай-ақ олар осындай жылыжайларда тамшылап суғару әдстерін енгізу арқылы суды үнемдеп және өнімділікті арттырмақшы. Келешектегі жоспарда осындай жылыжайларды жасыл энергиялық көздерге көшіру, яғни күн энергиясы мен жел энергиясын пайдаланатындай ету бар, дейді мамандар.

adimage