Түркістан мен Қызылорда облыстарында қатты жел тұрып, тұман түседі

Күні: 18:49, 06-11-2018.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Синоптиктер Түркістан мен Қызылорда облыстарында қатты жел тұрып, тұман түседі деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
« 7 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі», - делінен сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Хабарда айтылғандай, 7-9 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, 8-9 қарашада кей жерлерде жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Синоптиктер  дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100% деп болжауда


Жаңалықтармен бөлісу: