Түркістан облысы аудандық мектеп директорына пара алғаны үшін Т4,5 млн айыппұл салынды

Күні: 11:19, 21-11-2019.

Астана. 21 қараша. ҚазТАГ - Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Бірлік атындағы орта мектеп директорына пара алғаны үшін Т4,5 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Мақтаарал ауданының №2 сотының үкімімен аталған шенеунік (Б.Шырымбекова – ҚазТАГ) пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 4,5 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда
Еске салсақ,11 қыркүйекте азаматты техникалық персонал ретінде (еден жуушы)  жұмысқа тұрғызу үшін 150 мың теңге көлемінде пара алу дерегі бойынша Мақтаарал ауданы Бірлік ат. №34 орта мектеп директорына қатысты тергеу басталған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: