Түркістан облысы екі тәулікте коронавирус бойынша «қызыл» аймақтан «жасыл» аймаққа шықты

Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ- Түркістан облысы COVID-19 бойынша «қызыл» аймақтан «жасыл» аймаққа шықты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Сейсенбі күні ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізу көзделетін "қызыл "аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Қолданыстағы карантиндік шараларды сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту көзделген "сары " аймақта бірде-бір облыс жоқ.
Жағдайы тұрақты деп бағаланатын "жасыл" аймаққа «сары» аймақтан Түркістан облысы көшті.
Қазақстан өзі «қызыл» аймақта орналасқан.
Еске салсақ, Түркістан облысы 3 тамыз күні «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен болатын.

adimage