Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы. 19 наурыз. ҚазТАГ – Меиржан Мырзалиев Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Мырзалиев Меиржан Иябайұлы тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Мырзалиев соңғы жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары және премьер-министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

adimage