Астана. 29 тамыз. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Түркістан облысы мектептерінің кейбір педагогтарының дипломдарының шынайылығы күдік тудырды, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Педагогтардың білімі туралы құжаттарын зерделеу жұмыстары қорытындыланды, соның негізінде кей педагогтардың білімі туралы дипломдарының шынайылығы күдік тудырған. Өзбекстанда білім алған педагогтар бар, құжаттары нострификация рәсімінен өтпеген, сәйкесінше, олар еліміздегі мектептерде сабақ беруге құқылы емес», - делінген сәрсенбіде ведомство таратқан баспасөз парақшасында.
Хабарда нақтыланғандай, бұл туралы ҚР БҒМ мен құзырлы меморгандар және Түркістан облысының үкіметтік емес ұйымдары арасындағы бейнехабарлау барысында айтылған
«Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігінің жеткіліксіздігі туралы (ақпарат – ҚазТАГ) айтылды. Педагогтардың жалақысы туралы және балаларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсететін педагогтардың біліктілігін арттыру курсын орталықта ұйымдастыру қажеттілігі мәселелері көтерілді», - деді баспасөз қызметінен.
Түркістан облысы мектептерінің кейбір педагогтарының дипломдарының шынайылығы күдік тудырды
