Түркістан облысы Сырдариядағы су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап келеді

Күні: 18:55, 25-04-2019.

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Түркістан облысы Сырдариядағы су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап келеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Сырдария өзені-Көкбұлақ ГБ-де су деңгейінің жоғарылауы жалгасуда екенін және қауіпті деңгейге жақындаған. Нақты деңгей 8:00-де 745 см (қауіпті деңгейдің 94%). Қауіпті деңгей 790 см. Қайракқум су қоймасынан (Тәжікістан) тасталымдардың жоғарылауына байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі, сондай-ақ қауіпті деңгейден асуы және жайылма аумақтарына шығуы және су басу қаупі күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Басқа дауылды ескертуде 26 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, таңертең және күндіз батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтілетіні айтылған. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік сақталады.


Жаңалықтармен бөлісу: