Түркістан облысында 12-13 тамызда найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады және қатты жел тұрады

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – Түркістан облысында 12-13 тамызда найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады және қатты жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 тамыз күні түстен кейін, 13 тамыз тәулік бойы Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады. Шымкентте 12 тамыз күні түстен кейін, 13 тамыз күні тәулік бойы оқтын-оқтын шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда 12 тамыз күні түстен кейін, 13 тамыз тәулік бойы кейде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage