Түркістан облысында 2020 жылы құны 500 млн доллар тұратын жылыжай кешені іске қосылады

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ – Түркістан облысында 2020 жылы құны 500 млн доллар тұратын жылыжай кешені іске қосылады, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елдімекенінде 2020 жылы құны 500 млн долларды құрайтын жоғары технологиялы өндірістік жылыжай кешені іске қосылады. Ол үшін 245 гектар жер телімі бөлініп отыр. Оның 220 гектары жылыжай кешені болса, ал 25 гектарға дайын өнімді сақтайтын заманауи нысандар салынбақ. Жобаны толығымен түркиялық түркиялық Dal Holding Investment Cо., Ltd компаниясы жүзеге асырады. Бизнес-жобаға сәйкес, жылыжай кешенінде қияр, қызанақ пен болгар бұрышы өсіріледі», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, жоба іске қосылған соң жылыжайдан 20 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Ал, толық күшіне енген соң өнім көлемін 40-60 тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

adimage