Түркістан облысында 4,1 баллдық жер сілкінісі болды

Күні: 09:58, 13-05-2019.

Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ - Түркістан облысында 4,1 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 13 мамырда Алматы уақытымен 5 сағат 20 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің орталығы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 552 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,5 құрайды, ал магнитудасы MPV - 4,1», - делінген жұмадағы хабарламада.
Хабарда нақтыланғандай, жер сілкінісінің координаттары 42.76° с.б. 70.16° ш.е., жер сілкінісінің орталығы Түркістан облысы Түлкібас және Бәйдібек аудандарының шегінде Жамбыл облысымен шекаралас жерге жақын орналасқан. Тереңдігі 25 ш.


Жаңалықтармен бөлісу: