Түркістан облысында адам саудасымен айналысатын күдікті ұсталды

Түркістан. 12 тамыз. ҚазТАГ- Түркістан облысында адам саудасымен айналысатын күдікті ұсталды , деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

«Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында қолға түсті. Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Олжас Мариннің мәліметінше, адам саудасымен айналысқан күдікті соңғы 2 жыл бойы мүгедектігі бар екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды»,- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Сонымен қатар тағы да 10 азаматтың адам саудасымен айналысуға қатыстылығы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде»,- деп қосты прокуратура.

Фото көзі: Фото из открытых источников.


adimage