Түркістан облысында қаржы бөлімінің басшысына Т2,2 млн айыппұл салынды

Астана. 21 қараша. ҚазТАГ – Түркістан облысында қаржы бөлімінің басшысына Т2,2 млн айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған өңірлік Мәдениет басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімі басшысы Г.А. Нысанбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.
(…) Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Түркістан қалалық сотының үкімімен Нысанбекова айыпты деп танылды. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыру және 2,2 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомство ақпарынша, қаржы бөлімінің басшысы алдау және сенімге кіру арқылы «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы» МКҚК директорының 2020 жылға бюджет тапсырысын бекіту үшін оның 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

adimage