Түркістан облысында ауылдағы кафеде ірі өрт шықты

Күні: 13:20, 27-09-2019.

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ –Түркістан облысында ауылдағы кафеде ірі өрт шықты, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«27 қыркүйекте сағат 6.50-де өртке қарыс қызмет тетігіне Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербесек аылындағы «Нұсқабек ата» кафесінің өртеніп жатқаы туралы хабар келіп түсті. Өрт сөгдірушілердің қабылданған шаралары арқылы қызыл жалын 7.42-де ауыздықталып, 8.40-та сөндірілді. Өрт алаңы 290 ш.м. құраған», - деп хабарлады жұма күні ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол зардап шегушілер мен қаза тапқандардың жоғын жеткізді.
«Өрт шығуының алдын-ала себебі – электр тоқтарының қысқа тұйықталуы», - деді Нұрахметов.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамының 17 адамы мен төрт бірлік техникасы жұмылдырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: